Польшада іздестірушілер 56 қазақстандық майдангердің зиратын тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгерлердің тізімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарты жыл ішінде поляк мекемелері жерлеу орындарын іздеу және қазу жұмыстарын жүргізген. Майданға Қазақ ССР-нан шақырылған Қызыл армия жауынгерлерінің 56 зираты табылды. Олардың аты-жөндерін, қандай шайқаста қаза тапқанын анықтау үшін ауқымды жұмыс істелді.
Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе Петр Вуйтович қызыл әскерилердің тізімін салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырды.
«Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл іс-шараның маңыздылығын айта өту керек. Тізімдегі әрбір жауынгер біреудің із-түссіз кеткен туысы болуы керек. Атасын іздеп жүрген ұрпақтары да бар шығар. Олар үшін Отанды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің қайда жерленгенін білуі өте маңызды», - деп атап өтті музей бастығы Нұртаза Әсілов.
Тізімді алғаннан кейін мұражай жауынгерлердің туыстарын іздейді.
- Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы 16% төмендеді
- Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына салынған инвестициялар бір жылдың ішінде 2\3 процентке өсті
- Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды
- Қазақстанның қорғаныс саласындағы өнеркәсіп өндірісі 11% өсті
-
Сарыөзек гарнизонында әскери қызметшілерге 52 пәтер кілті табысталды
-
Сағат 20:00-де сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам