Польшада «алтын пойызды» іздеу маусым айында басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада қазына тасымалдап, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде із-түссіз жоғалған «алтын пойызды» іздеу жұмыстары маусым айында басталуы мүмкін. Бұл туралы Polska Times газеті жазды.

Басылымның жазуына қарағанда, қазына іздейтіндерде қазба жұмыстарын бастауға көне ескерткіштерді қорғаумен айналысатын ұйымның ғана рұқсаты алынбаған. Құжатты алған кезде, «алтын пойыздың» қалған жер - Вроцлав - Валбжих темір жолының 65-ші шақырымында іздеу жұмыстары басталады.

Поляк БАҚ-тары «алтын пойыз» деп бағалы металдар, алтын, қару-жарақ, сондай-ақ мұрағаттар мен өнер туындыларын тасымалдаған ұзындығы 150 метрлік гитлерлік саутты пойызды атайды.

Бреслау қорғанынан (қазіргі Вроцлав) Валбжихқа шыққан құрам із-түссіз жоғалып кеткен. Тарихшылар мен іздеушілер пойыздың фашистердің Төменгі Силезия тауларында бомбалаудан қорғану үшін қазған туннельдерде жасырып қойған деп болжайды.

Соңғы жаңалықтар