Польша телеарнасы Қазақстанда ұлттық аспаздық өнер туралы 4 сериялы бағдарлама түсірді

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның танымал телеарнасы отандық гастрономия туралы түсірілім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үстіміздегі жылдың 13 - 22 маусым күндері Польшаның «Food Network» телеарнасы «Maklowicz w drodze» (Макловичпен саяхаттау) атты аспаздық бағдарламасының түсіру тобы Қазақстанда болды. Оның жүргізушісі танымал польшалық тележүргізуші әрі аспазшы Роберт Маклович. Түсіру тобы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында болып, түсірілім жасады. Үш қалада ұлттық аспаздық өнерімен танысып, 4 сериядан тұратын фильм әзірледі. Телебағдарлама алдағы күзде аталған телеарнадан көрсетілетін болады», - деп хабарлайды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, түсірілім тобы азпаздық өнерден бөлек, өздері тоқтаған өңірлердің танымал орындарымен танысты.

Айта кетсек, Food Network телеарнасы Discovery Communications, Inc әлемдік деңдейдегі танымал телевизиялық желінің бір бөлігі болып табылады. Ол Еуропаның 130 елімен қатар, Таяу Шығыс, Африка, Тынық мұхиты және Азия елдеріне тәулік бойы 22 тілде ақпарат таратады.

Ал «Maklowicz w drodze» - әр елдің ұлттық тағамын телевизия эфирінде әзірлеу арқылы көрсетіп, дәріптейтін аспаздық бағдарлама.

Еске сала кетейік, аталған шара Польшадағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар