Польша сенаторы қазақстандық оқушыға алғыс айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Республикасының сенаторы Қазақстанның Польшадағы елшілігіне хат жолдап, қазақстандық оқушы Константин Красниковқа алғыс айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2017 жылдың 11 тамызында Польшаның алғашқы тарихи қаласы - Гнезноға дауыл соқты. Табиғаттың дүлей күші көптеген үйлердің шатырын ұшырып әкетіп, ағаштарды құлатқан. Мемлекеттік органдармен және құтқару қызметтерімен бірге дауылдың салдарымен күреске азаматтар да атсалысты. Гнезно зиратындағы жұмыстарға көмек қажет екендігі жөнінде хабарлама таратқанымнан кейін көптеген еріктілер жетті. Олардың арасында Польшаға демалысқа келген Қазақстандағы (Новокубанка) орта мектептің 11 сынып оқушысы Константин Краснов та бар болатын. Ол өзінің бос уақытын бізге көмектесу үшін жұмсады. Зираттарды ағаштардан тазалап, айналаны тәртіпке келтіруге үлес қосты»,-деп жазды сенатор Роберт Гавэл өзінің хатында.

Сенатор сонымен қатар алғыс білдірілген хатты осындай азаматты тәрбиелегені үшін Новокубанка мектебі мен оқушының ата-анасына да жолдағанын айтты.

«Константиннің ұстанымы оның польшалық достарының құрметіне ие болды және бұл біздің халықтарымызды біріктіретін нағыз үлгі-өнеге»,-деп аяқтады сөзін сенатор.

Соңғы жаңалықтар