Польша ресейліктердің теңіз және әуе порттары арқылы елге кіруіне тыйым салды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресей азаматтарының Польшаға кіруіне шектеу қою туралы бұйрық дүйсенбі күні Польшаның әуе және теңіз шекара бақылау бекеттерінде күшіне енді. Бұрын бұл шаралар жаяу жүргіншілер мен автомобиль өткізу бекеттерінде енгізілген. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді Польшаға кіруге еш себебі жоқ жолаушыны бортына алған теңіз және әуе тасымалдаушылары оны өз қаражаты есебінен кері қайтаруға мәжбүр болады.

19 қыркүйекте Польша Ішкі істер министрлігінің басшысы Мариуш Каминьский Эстония, Литва және Латвия билігімен тиісті келісімдерге қол жеткізу қорытындысы бойынша ресейліктерге елге кіру ережелерін қатайту, Шенген аймағына туристік, мәдени, спорт және іскерлік мақсатта, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары бойынша саяхаттайтын Ресей азаматтарының кіру мүмкіндігін шектеуді бұйырды.

Польша аумағына тек диссиденттер, гуманитарлық істер, тұруға ықтиярхат иелерінің отбасы мүшелері, жүк тасымалдауды жеңілдету және көлік қызметі, дипломатиялық өкілдіктер және транзиттік тасымалдау, Польша оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, балықшылар кіре алады.

Польша ресейліктерге туристік визаны бірнеше айдан бері бермей келеді.

Ел визасын дипломаттар, жүк көлігі жүргізушілері, Польша немесе басқа ЕО елдері азаматтарының отбасы мүшелері, сондай-ақ «поляк картасының», яғни Польшадан шыққанын растайтын құжат иелері немесе гуманитарлық себебі бар адамдар ғана ала алады.


Фото: tass.ru



Соңғы жаңалықтар