Польша мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Польша көлік-логистика, ауыл шаруашылығы,  құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты дамытады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы көлемі 1 миллиард долларға дейін өскен.

null«Биылғы жартыжылдықта да екі ел арасындағы тауар айналымының өсу қарқыны байқалды. Қазақстан мен Польша қарым-қатынасы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген. Біздің елімізде 200-ге жуық польшалық компания жұмыс істейді. Польша кәсіпкерлерінің Қазақстанға құйған инвестициясы 200 млн долларға жетті», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан-Польша VIII үкіметаралық отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

Вице-министр Шымкенттегі Химфарм зауытына 120 млн доллар инвестициялаған Polpharma компаниясын, құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын Selena ұжымын ерекше атап өтті.

null«Астанада өтіп жатқан тау-кен конгресі, Қазақстан-Польша экономикалық форумы, үкіметаралық отырыс сынды шаралар арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуға септігін тигізеді. Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық елдері заматтары үшін енгізген визасыз режімі және Lot polish airlines әуе компаниясының Астана-Варшава, Варшава-Астана тікелей рейстері де ықпал етеді», - деп өз сөзін түйіндеді вице-министр.

nullӨз кезегінде Польша кәсіпкерлік және технологиялар министрінің орынбасары Тадеуш Косцинский Қазақстандағы Польша кәсіпкерлерінің көбейетініне сенім білдірді.

«Қазақстанда тау-кен ресурстары өте көп және бұл салада елеулі жаңғыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда Польша Қазақстанға көмектескісі келеді және тау-кен өнеркәсібіне арналған заманауи машиналарын ұсынады», - деді Тадеуш Косцинский.

Соңғы жаңалықтар