Польша мен Ақмола облысы ынтымақтастықты нығайтпақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков Польша Республикасының Нижнесилезский аймағынан келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Польшаның экономикалық даму агенттігінің басшысы Марьюш Синьор бастап келген мәртебелі меймандармен екіжақты  ынтымақтастық және сауда-экономикалық  байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

null

Кездесуде Марьюш Синьор Нижний Силезии аймағында машина жасау өнеркәсібі, инновациялық технологияларды жасау қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оған қоса, тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал өңірде туризм саласына да зор көңіл бөлінетінін алға тартты.

Сондай-ақ,  Асхат Қайнарбеков бүгінгі таңда облыс аумағында польшалықтармен тығыз әріптестік қатынас орнатқан «Ормис-Строй» және «Блюз» (косметикалық өнімдер шығарады) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істейтінін айта келе, Ақмола өңірінде аграрлы сала мен қатар өндіріс саласы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

null

Кездесуде тараптар екіжақты әріптестік қатынасты дамытуға әзір екендіктерін жеткізді.

Бұдан кейін польшалық қонақтар «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және «Қазақстандық арго инновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар