+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Польша құрамасының футболшысы «Қайратта» ойнайды

2020 жылғы 19 қаңтар 20:40
Бөлісіңіз:
Польша құрамасының футболшысы «Қайратта» ойнайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футболдан Польша ұлттық құрамасының ойыншысы Яцек Гуральский биыл Алматының «Қайрат» командасының намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері мен бас менеджері жұмыстан  кетті Футбол: «Тобыл» атақты «Динамоны» ұтты Армениялық футболшы «Тобылдың» құрамына қосылды

Яцек Гуральский 1992 жылдың 21 қыркүйегінде Польшаның Быдгощ қаласында дүниеге келген. Сол қаланың «Завиш» командасында тәлім алып, үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2010 жылы сол клубта бастады. Одан кейінгі жылдарда сол елдің «Виктория» (Короново), «Висла» (Плоцк), «Ягеллония» командаларының жейдесін киді. Ал 2017 жылдан бері Болгарияның «Лудогорец» клубының намысын қорғады.

2016 жылдан бер Польша құрамасы сапында 13 ойынға қатысып, қарсылас қақпасына 1 гол соқты. Я. Гуральский 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында өз құрамасы сапында ойын көрсетті.

«Қайрат» командасы Я. Гуральскиймен 3 жылға келісімшартқа қол қойды.

Бұдан бұрын «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның «Зенитке» ауысуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT