Польша — Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесінің бірі - Ақан Рахметуллин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ЕҚЫҰ-ның дамуына елеулі үлес қосты. Бұл туралы елордада Польша делегациясымен кездесуден кейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Орталық Азия елдеріне сапары аясында екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келді.

«Осы жылы біз қос мерейтойды атап өтеміз – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға қосылғанына және еліміз бен Польша Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл. Бұл орайда министр Збигнев Раудың сапары биылғы мерейтойлық жылда өтуінің символдық мәні бар. Қазақстан қауіпсіздіктің әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық сияқты барлық үш өлшемінде ЕҚЫҰ-мен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасап келеді», - деді А. Рахметуллин.

Осы орайда ол еліміз 2010 жылы Қазақстанда ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының Саммитін өткізу, сондай-ақ Астана Декларациясын қабылдау арқылы ұйымның дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Екіжақты қатынастар тұрғысында осы жылдар ішінде достық пен сенімге бекітілген қазақстандық-поляк серіктестігі нығайып, оң бағытында дамуын жалғастырып келеді. Бұған екіжақты және көпжақты форматтағы өзара конструктивті әрекеттестік және белсенді сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық дәлел бола алады. Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі маңызды және перспективалы әріптесі болып саналады. Өз кезегінде, біз Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болуға деген ұмтылысымызды растаймыз», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.


Соңғы жаңалықтар