Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен алып тастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған тізімнен алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап тікелей әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен шығарылды.

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және басқа елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады.

Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.


Соңғы жаңалықтар