Польша елшісі: Қазақстан көптеген ұлттардың үйі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысы Целиноград ауданының жастары Қазақстандағы Польшаны Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич кездесіп, сталиндік саяси куғын-сүргінге ұшыраған поляктар туралы естіп білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстан аумағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың үлкен лагеріне айналды. Көптеген өнеркәсіп орындарында сотталғандар мен күштеп еңбекке жегілгендер жұмыс істеді.

Қазақстандағы лагерлерде жүздеген мың адам жазасын өтеді. Сол 30-шы жылдардың соңында қазақ жеріне неміс, кәріс және поляк халықтары сияқты көптеген ұлттар жер аударылды. Кеңес үкіметі кезінде жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттардың арасында поляктар да көп болды.

«Сол кезде, көптеген елдер Кеңес одағын азат етуші деп таныса, поляктар үшін немістерден кейінгі екінші жаулап алушы болды», - деді Селим Хазбиевич жастармен кездесуінде.

Сонымен қатар, Польша Республикасының өкілі сонау қиын-қыстау кезінде Қазақстан көптеген ұлттардың үйі болғанын поляк халқы білетінін және тарихтың осы бір тұсын жоғары бағалайтынын атап өтті.
null

«Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл қолдан жасалған болса да, біз оны құрметтейміз және тағдыры ортақ ұлт болып қала береміз», - деді Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг бөлімінің басшысы Оксана Салахова.

Шара соңында барлық қатысушыға «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде экскурсия ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар