Польша әуежайында қазақтың күйі орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша астанасы Варшава қаласының әуежайында қазақтың күйлері орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24»телеарнасына сілтеме жасап.

Фридерик Шопен атындағы әуежайда домбыра, қобыз және жетіген бір уақытта күйден шашу шашты. Шара ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырылған.

Ерекше әуенді естігісі келген жолаушылар көптеп жиналды. Кейін әуезді музыканың ырғағымен бірге би билеп, мәз-мейрам болды. Жекелеген көрермендер шараны смартфондарына түсіріп, қызықты қойылым үшін ризашылықтарын білдірді.

Польша әуежайындағы концертті Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының музыканттары қойды. Бұл олардың Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай шетелдіктерге жасаған тосынсыйы болды.

«Мұндай қойылымды алғаш рет көріп отырмын. Адамдардың бәрі риза. Өйткені Ұлы дала музыкасы Варшаваның орталығында ойналды. Өзім музыкаға жақын адаммын. Сондықтан осында шырқалған ән-күй де, биленген би де өте керемет болды. Үлкен рахмет», - деді Леонид есімді жолаушы.

«Маған музыка мен би өте қатты ұнады. Сіздің елдің мәдениеті мен музыкасы әдемі. Қазақстанда болған емеспін. Бірақ ондай мүмкіндік туып жатса, қуана-қуана барамын. Астананың суреттерін көрген едім, шаһар бірден ұнады», - дейді көрермен болған әуежайдың тағы бір жолаушысы Ханна. 

Соңғы жаңалықтар