+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Пневмонияның алдын алу үшін не істеу керек

2019 жылғы 17 қараша 20:47
Бөлісіңіз:
Пневмонияның алдын алу үшін не істеу керек

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Күздің соңғы айы – қараша тұмау және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болу кезеңі болып саналады. Осы кезеңде пневмония да өршіп кетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында провизорлық стационардың жұмысы тоқтатылды СҚО-ның емдеу мекемелеріне 20 оттегі концентраторы таратылды Гүлмира Сағидуллина: Індет кезінде онкологиялық науқастардың ем қабылдауы үзілген жоқ

«Пневмония – бұл өкпе тінінің қабынуы, ол негізінен альвеолаларға әсер етеді және олардағы қабыну сұйықтығын дамытады. Аурудың басталуы дене қызуының жоғарылауымен, кеуденің ауыруымен, қақырықтың мол бөлінуімен сипатталады. Диагностиканың негізгі әдісі – флюорография, өкпенің рентгенографиясы. Бұл арқылы қара жарықтар мен қақырық дақтарын көруге болады», - дейді орталық мамандары.

Пневмонияның алдын-алу үшін үй-жайды үнемі желдетіп отыру, тұрғын үйді таза ұстау керек.

«Қозғалыс режимін сақтау керек. Таза ауада серуендеумен бірге қалыпты физикалық жүктемелер ауырып қалу мүмкіндігін төмендетеді. Зиянды әдеттерден бас тартып, қалыпты дене жүктемелерімен толыққанды демалысты ауыстыру керек және қатты салқындаудан сақ болу қажет. Сондай-ақ, тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту өте маңызды», - дейді ҚДСҰО баспасөз қызметі.

Қазақстанда кең таралған ауруларға қарсы барлық белгілі вакциналар бар, соның ішінде ең озық 13 – валентті пневмоккты инфекцияға қарсы вакцина, ол 13 аса патогенді серотиптерді, яғни пневмоккты қамтиды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT