Пневмонияға шалдыққандардың барлығы ПТР тест тапсырды ма – Вице-министр жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көптеген мемлекет коронавирус инфекциясының санын тек ПТР тесті оң нәтиже болғанда ғана тіркейді. Онлайн брифингіде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР ДСМ өзекті мәселелері: Пандемия кезіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі туралы» тақырыпта өткен онлайн брифингіде коронавирус ахуалына қатысты жайттарды айтып берді.

«Көптеген мемлекет коронавирус инфекциясының санын тек ПТР тестінің оң нәтижесі арқылы ғана тіркейді. Біз де биыл 1 тамыздан бастап барлық статистиканы жаңартып, егер дәрігер коронавирус инфекциясының күдікті немесе ықтимал жағдайы десе – оны ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен науқастармен бірге санап отырмыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният.

Оның айтуынша, диагонзды анықтайтын – дәрігер. Олар аурудың бастапқы симптомдарына қарайды.

«Егер ауру симптомы коронавирус инфекциясына ұқсайтын болса – ПТР тест нәтижесі теріс болса да коронавирус инфекциясының ықтимал жағдайы немесе күдікті жағдайы деген диагноз қояды. Аурудың симптомдары науқастың шағымына, зертханалық және диагностикалық тексеруіне байланысты болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар