+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Пневмониядан 62 адам көз жұмды: Ақтөбе облысының әкімі үндеу жасады

2020 жылғы 29 маусым 21:33
Бөлісіңіз:
Пневмониядан 62 адам көз жұмды: Ақтөбе облысының әкімі үндеу жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында пневмониядан 62 адам көз жұмды. Қазір 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тікелей эфирге шығып, халыққа жалпы ахуалды түсіндірді.

«Облыста 109 науқас коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр. Олардың 8-і – жансақтау бөлімінде, 2-еуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өңір зертханаларында 100 мыңнан астам адамның сынамасы сарапталды. Соның нәтижесінде індет жұқтырғандар қатары ерте анықталды. Карантинді жеңілдету, санитария талаптарының сақталмауынан соңғы екі аптада пневмонияға шалдыққандар саны күрт артты. Қазір провизорлар мен күндізгі стационарларда 1300-ден астам адам ем алып жатыр. Маусым айында 464 адам емделіп шықты. Өкініштісі, 62 адам көз жұмды. Басым бөлігінде ауруы асқынған. Осыған сәйкес бірнеше шара қолданылды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Біріншіден, қосымша 1926 кереует дайындалды. Онда 1355 адам ем алып жатыр. Тағы 150 орындық емдеу мекемесін қосу жоспарда бар. 1 тамызға дейін қосымша 200 төсек-орын дайындалады.

Екіншіден, емханалар жанынан ашылған күндізгі стационарлар күніне 100-200 адамды қабылдай алады.

«Түсіністік пен сабырлық танытып, дәрігерлерге демеу болайық. Сырттан келіп, ешкім көмек қолын созбайды, жәрдем бермейді. Бәрін өзіміздің дәрігерлер аман алып шығады. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген аталарымыз. Бұл – соңғы үкім емес. Жазылып шыққан адамдар саны басым. Мемлекет басшысының маған берген тәртіптік шарасын дұрыс деп есептеймін. Және де бұдан тиісті қорытынды шығарып, жұмысты одан әрі күшейте түсетін боламыз», - деді облыс әкімі.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше өңір әкіміне сөгіс жариялады. Олардың арасында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT