Пневмония симптомдары: Қай кезде дабыл қағу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жоғары санатты пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова пневмонияны ажырату жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пневмония белгілері бірден пайда болмайды. Респираторлық түрі кем дегенде 5-7 күннен кейін пайда болады. Қарапайым жөтел, демікпе, тыныс алудың тарылуы, өзіңді жайсыз сезіну және кеуде тұсының ауыруы пневмонияның белгісі болуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының зақымдануы осы белгілердің біртіндеп өршуінен басталады», - дейді Наталья Латыпова.

Оның айтуынша, осы белгілердің пайда болуы өкпенің қаншалықты зақымданғанына байланысты.

«Егер осы белгілер өршімесе, дене қызуының көтерілуі сақталмаса, осы белгілер 7 күннен артық болмаса - уайымдаудың қажеті жоқ. Бұл антибиотик қабылдайтын немесе компьютерлік томография жасауға себеп емес. Егер бұл белгілер уақыт өткен сайын күшейе бастаса, дене қызуы түспей қойса өкпені қарату керек және емдеу әдісін өзгерту керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар