Пневмония мен коронавирустан тағы 18 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 28 қаңтарда елімізде пневмония 173 (27 қаңтарда 144 адамда тіркелді) адамнан анықталды, 2 адам қайтыс болды.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 28 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясы 86 311 адамнан анықталды, көз жұмды – 5 264 науқас.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, 29 қаңтарда коронавирус инфекциясының 9475 (28 қаңтарда 11 753 адамнан анықталды) жағдайы тіркелді. Қайтыс болды – 16 адам.

Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 28 қаңтарға дейін елімізде 1 225 997 адам коронавирусқа шалдықты. Қайтыс болды – 13 226 науқас.

Айта кетейік, кеше министрлік коронавирус пен пневмониядан елімізде 18 адам қайтыс болғанын мәлім еткен еді. 28 қаңтарда 24 адам көз жұмды.




Соңғы жаңалықтар