Пневмония кезінде массаж көмектесе ме - медицина ғылымдарының докторы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жоғары санатты пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова пневмония кезінде массаждың көмегі бар-жоғын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкпеге сұйық жиналып қалады» деген сөз коронавирус инфекциясына қатысты айтыла қоймайды. Ауру барысында құрғақ жөтел болады. Осы жерде өкпе сүзгісі болады. Бұл жердің механизмі басқашалау», - дейді Наталья Латыпова.

Ол өкпенің астыңғы бөлігін желдетіп отыру өте маңызды екенін айтты.

«Ішпен жату керек» деген кеңес не себепті көп айтылады? Өкпе жасушасы экскурсия жасауы үшін адамның арқа тұсы ашық болуы керек. Ішпен жатқан кезде ғана артқы тұсы ашық болады. Егер аурудың респираторлық белгілері болса және коронавирус инфекциясы сізде бар екені дәлелденген болса - күніне бірнеше рет етбетіннен жатуды ұсынамыз. Пневмонияның ауыр түрімен ауыратындар күніне 12-16 сағат бойы ішпен жатуы керек. Бұл қан айналымды жақсартатын тетікті жақсы жұмыс істетеді. Ал массаж жасатуды ұсыну - қиын. Пневмония кезінде массаж қаншалықты жақсы әсер ететіні белгісіз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар