Пластиктен жасалған ақшаның болашағы бар ма

None
Фото: beta.theglobeandmail.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы кездері дәстүрлі қағаз ақша, металл монетамен қатар полимер қолма-қол ақшаны пайдаланатын елдер артып келеді. Әлемде алғашқы пластик ақша 30 жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Бұл қандай валюта, қай елдер қолданады, полимер банкноттардың артықшылықтары мен кемшіліктері - ҚазАқпарат тілшісінің материалында.

Полимер ақшаның пайда болу тарихы

Пластик қолма-қол ақша идеясын алғаш рет 1967 жылы Аустралияның резерв банкі (РБА) жанындағы сараптама орталығы ұсынған. Ол кезде Аустралияда ондық валютаға көшуге байланысты жалған банкнот жасау бұрын-соңды болмаған деңгейде өскен еді.

Фото: museum.rba.gov.au

1968 жылы АРБ мемлекеттік ғылыми-зерттеу бөлімінің (CSIRO) ғалымдарымен бірге пластик ақша технологиясын жасауға кірісті. Ол үшін 20 жылдық сынақ қажет болды.

Оның ішінде материалтану бойынша зерттеулер, жаңа бояу жасау, пластикке оптикалық айнымалы құрылғыларды қолдану тәсілдерін зерттеу, сонымен қатар сынақ түрінде 3 және 7 доллар номиналын шығару бар еді.

Әлемдегі алғашқы 10 долларлық полимер банкнот 1988 жылы Аустралияның еуропалық қоныстануының 200 жылдығына орай шығарылды.

Вексельдің алдыңғы жағында Джеймс Куктың кемесі Еуропадан қоныс аударушылардың артқы жағында аустралиялық абориген және жартастағы суреттер, терезеде Куктың портреті белгіленген.

Полимер банкноттар синтетикалық жұқа полимерлі негізден жасалған, ол полипропилен пластигі деп аталады.

Олар бір-бірімен байланысқан молекулалар немесе мономерлер тізбегінен тұрады.

Пайдаланылған полимер берік, басып шығаруға жарамды және қорғаныс қасиеттерін күшейте алады.

Аталған банкноттың беті өте тегіс, осылайша ақшаның тез кірлеп, ластануына жол бермейді.

Полимер банкнот технологиясы Аустралияның ең үлкен өнертабыстары мен экспорттық тауарларының бірі ретінде тарихқа енді және ұлттық мақтаныш.

Бүгінде әлемнің 50-ден астам елі ақша және банк айналымында полимер банкнотты пайдаланады.

Аустралия, Бруней, Вьетнам, Канада, Мавритания, Мальдив аралдары, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Вануату Республикасы, Румыния, Ұлыбритания, Тринидад және Тобаго және Ямайкада бүкіл банкнот пластик ақшамен ұсынылған.

Фото: yacollectioner.ru

Бөлек түрде естелік полимер купюрлар Қытайда, Ресейде, Польшада, Бразилияда, Гаитиде, Гамбияда, Гибралтарда, Ливанда, Самоада, Соломон аралдарында, Уругвайда және Шри-Ланкада шығарылды.

Полимер қолма-қол ақшаны ұдайы қолданатын елдер - Канада, Румыния, Мальдив аралдары, Вьетнам және Аустралия, ішінара Израиль, Ұлыбритания, Мексика, Сингапур және басқа да көптеген мемлекеттер. Кей елдерде қағаз ақша енді шығарылмайды, бірақ айналымда бар.

Аустралия 1996 жылы пластик ақшаға толығымен ауысқан алғашқы ел болды.

Вьетнамдық донг

Фото: Pikabu.ru/Канадалық доллар

Фото: Calc.ru/Румындық лей

Фото:numiscollection.com/Мальдивтік руфий

Пластик банкноттың артықшылығы неде және кемшіліктері бар ма?

Пластик ақшаның басты артықшылығы - қауіпсіздігі үш деңгейлі, оларды қолдан жасау іс жүзінде мүмкін емес.

Негізгі қорғаныс - жоғары технологиялық жабдықталған пластик ақша жасалатын полимерлі субстрат.

Мұндай банкнот технологиясы өте қымбат болғандықтан, жалған ақша жасау ықтималдығы айтарлықтай төмен.

Полимер банкноттар суға төзімді әрі оны өткізбейді. Полимердің ластануға қарсы қасиеттері оның тегіс жабыны арқасында банкноттың ластануына жол бермейді.

Оның беті қағазға қарағанда әлдеқайда таза және оңай тазаланады.

Қағаз ақшамен салыстырғанда полимердің тығыздығы жоғары, яғни бактериялар мен вирустар жабыспайды.

Пластик ақша су мен кірге төзімділіктен басқа, Цельсий бойынша 140 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алады, сонымен қатар аязға төзімді.

Фото: PSM7.COM

Пластик ақшаның тағы бір артықшылығы - қайта өңдеуге жарамды.

Ол үшін ұсақталған тозған полимерлі банкноттарды жоғары температурада паллеттеу керек, содан кейін қайта өңделген полимер паллеттерден жаңа пластик заттар (компост жәшіктері, гүл құмыралары, розеткалар және т.б.) жасауға болады.

Полимерлі ақшаның кемшіліктері де бар. Ол бүктелмейді, уақыт өте келе иілу сызығында қыртыстар қалады және бояуы тез кетеді.

Аталған банкнот түрі тайғақ және ұстауға, санауға және тасымалдауға ыңғайсыз. Сонымен қатар, мұндай ақша дымқылданса жабысқақ болуы мүмкін.

Ескі ақша сұрыптау машиналары полимерлі купюрді қағаз ақшадай тез өңдей алмауы мүмкін. Полимерлермен жұмыс істеу үшін мұндай сұрыптау машиналары өзгертуді немесе жаңартуды қажет етеді.

Тағы бір кемшілігі - пластик банкноттардың түсін тез жоғалтуы. Мысал ретінде Нигерияны алуға болады. Аталған ел банкноттардың бояудың жоғалту жағдайынан кейін қағаз ақшаға оралды.

Фото: istockphoto.com

Пластик ақшаның құны қағаз ақшадан қымбат

Полимер банкнотты қолдану елдер арасында оның экологиялық тиімджілігі, беріктігі мен тұрақтылығының арқасында танымал бола бастады.

Дегенмен, қағаздан полимер ақшаға толығымен ауысу техникалық жағынан да, қаржылық жағынан да қымбат.

Оның құны қағаздан жоғары, өйткені полимер субстрат қорғаныс элементтерін қолдану үшін үлкен шығынды қажет етеді.

Сонымен қатар, контрафактіні анықтау үшін бүкіл банкоматтар мен тиісті жабдықтарды полимерлі ақшаға қайта конфигурациялау қажет болады.

Полимер банкноттардың белгілі бір артықшылықтары болса да, көптеген елдер үшін дәстүрлі ақшадан бас тарту айтарлықтай уақытты, қаражатты және мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауды қажет етеді.

Фото: monetus.ru


Соңғы жаңалықтар