+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

«Пластикке толы планета»: Алматыда атақты фотографтың көрмесі өтіп жатыр

2020 жылғы 25 қазан 21:10
Бөлісіңіз:
«Пластикке толы планета»: Алматыда атақты фотографтың көрмесі  өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Telli Gallery» залында британ фотографы Мэнди Баркердің «Пластикке толы планета» эко-көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мэнди Баркер – көптеген марапатқа ие болған халықаралық фотограф.

Оның теңіз түбіндегі пластик тақырыбына түсірген суреттері соңғы 10 жылда әлемдік өнерсүйер қауым тарапынан жоғары баға алып келеді.


«Telli Gallery» залындағы көрме де жаһандық тақырып – экологияның ластануын көтереді.

Көрмеде картиналардан бөлек әлемнің картасы орнатылған. Онда балаларға қоқысты дұрыс сұрыптау туралы ойын түрінде ақпарат берілген.


Мэнди Баркер әлемнің 40 елінде: БҰҰ штаб пәтерінен бастап Моңғолияға дейін көрме ұйымдастырған.


Баркер «Prix Pictet Award SPACE 2017» сыйлығының шорт парағына енген, «Deutsche Borse Foundation Photography Prize 2020» қоры сыйлығының лауреаты.

Көрме жыл соңына дейін 10:00-20:00 аралығында ашық болады. Кіру тегін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT