+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Пластикалық ота жасатқан әйелдің өлімі неден болғаны анықталды

2018 жылғы 15 қазан 13:48
Бөлісіңіз:
Пластикалық ота жасатқан әйелдің өлімі неден болғаны анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті пластикалық отадан кейінгі әйел өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы орган өкілдері оның 3 қыркүйекте Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болғанын растады.

30 жастағы әйел жекеменшік емханалардың бірінде омырауын тарттырмақ болған. Әйел мастопексия отасынан кейін арада бір ай өткенде қайтыс болды.

«Ол ауруханаға сіреспе синдромымен түскен. Әйел адамның ағзасында жансыздандыру құралына (анестезиология) реакция болған. Барлық материалдар ІІД-ге өткізілді. Департамент процессуалдық тәртіпте сараптама тағайындамақ. Соның нәтижесінде отаның барлық мән-жайы анықталады», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Алдын-ала ақпарат бойынша, марқұм әйел отаны «NOA Пластикалық және лазерлік косметология» емханасында жасатқан.

Емхана басшылығы бізге түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы әйелдің пластикалық отадан соң көз жұмғанын өткен апатада хабарлаған болатынбыз.

Осындай қайғылы жағдай Алматыда екі жыл бұрын да болған еді. Украина азаматшасы Дана Агамұрадова липосакция (іш майын алғызу) жасатпақ болып, жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан. Алайда әйел отадан кейін есін жимаған күйі дүниеден өтті. Қазір ота жасаған хирург Дмитрий Писарев сот алдында жауап беріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT