Пластик жаһандық жылынуға себепші болатыны анықталды - ғалымдар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пластик қоршаған ортаны ластап қана қоймай, жануарлар мен адамдарға қауіп төндіріп, климаттың өзгеруіне ықпалын тигізетіні анықталды, деп хабарлайды БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы Гавайи университетінде өткізілген жаңа зерттеудің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ғалымдардың анықтауынша, пластик күн радиациясының ықпалымен ыдырап, метан мен этиленнің парниктік газдарының қоспасын бөледі. Мұнымен қоймай, эмиссияның көлемі уақыт өте келе ұлғая береді.

Зерттеушілер құрылыс материалдарында, маталарда, пластиктан жасалған бұйымдардың құрамында болатын бірқатар материалдарды сынақтан өткізді.

«Тестілеу нәтижесінен белгілі болғандай, пластик климатқа әсер ететін газдық қоспаларды бөледі. Пластмасс бұйымдарды өндіре берген сайын және қоршаған ортада неғұрлым пластик болса, соғұрлым бұл эмиссиялардың көлемі де ұлғая береді», делінген хабарламада.

Зерттеушілер әсіресе целлофан пакеттердің қауіпті екенін ерекше атап өтті. Себебі оның құрамында метан мен этиленнің белсенді көздерінің бірі - полиэтилен бар. 1950 жылдан бастап 8 миллиардтан астам пластик пакеттер дайындалған. Алдағы 20 жыл ішінде жыл сайынғы өндіріс көлемі екі есе ұлғаяды деп күтілуде.

Зерттеушілердің пікірінше, олардың ашқан жаңалықтары жаһандық жылынуды тудыруға ықпалын тигізетін пластикті пайдаланумен күресу қажет екенін растайды.

Соңғы жаңалықтар