+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Планетаны жаһандық жылынудан құтқара аламыз ба – Әлемдік баспасөзге шолу

2020 жылғы 16 ақпан 17:20
Бөлісіңіз:
Планетаны жаһандық жылынудан құтқара аламыз ба – Әлемдік баспасөзге шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Бас мүфти кәсіпкерлерді дәрі-дәрмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырды Қоғамдық бақылау: Шу аудандық ауруханасына 2 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізіледі Түркия Қазақстанға медициналық құралдар жібереді

Қытайда медицина қызметкерлері коронавирус жұқтыра бастады - Lancet

Қытай шенеуніктері денсаулық сақтау саласының қызметкерлері туралы баяндама жариялады. Онда вирустан қорғануға қажетті құралдардың жетіспеушілігі медицина қызметкерлерінің коронавирусқа шалдығуына апарып соғатыны айтылған, деп жазады Lancet.

Олардың айтуынша, осы күнге дейін коронавирусты 1716 маман жұқтырып, 6-ауы көз жұмған. Ал бір апта бұрын билікке коронавирус туралы ескертпек болған дәрігер Ли Вэньлянның өлімі қоғамда ашу туғызды.

Қытайдың денсаулық сақтау вице-министрі Цзэн Исиньнің сөзінше, Уханьда 1102 медицина қызметкері, Хубэйдің басқа провинцияларында 400 маман коронавирусқа шалдыққан. Медицина қызметкерлерінің арасында инфекция жұқтырғандар саны артып келеді.

«Медицина қызметкерлерінің жағдайы ауыр. Олардың жұмыстары қиын, демалуға мүмкіндік жоқ. Психологиялық қысым басым. Вирус жұқтыру қаупі де жоғары», - деді ол.

Жергілікті билік қызметкерлерді респираторлық маскамен, қорғанатын көзілдіріктермен, арнайы киімдермен қамтуға тырысқан. Дегенмен, күн өткен сайын жағдай қиындап барады.

Қазіргі таңда вирустан қаза тапқан медқызметкерлер саны 1600-ден асты.

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметі бойынша, Қытайда инфекция жұқтырғандардың жалпы 68 мыңнан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Хубэйде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқанымен, Қытай бойынша жағдай тұрақты екенін айтты. Ал Жапониядағы круиз лайнерінде вирусқа шалдыққандар саны 218-ге жетті.

Америкалықтар онлайн-алаяқтар кесірінен 201 млн доллардан қағылған - CNN

Америкада онлайн-алаяқтық көз ілеспес жылдамдықпен артып келеді және соның кесірінен АҚШ азаматтары миллиондаған қаржыдан қағылуда, деп жазады CNN.

Агенттіктің хабарлауынша, былтыр америкалықтар онлайн-алаяқтық кесірінен 201 млн доллар жоғалтқан. Бұл, 2018 жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп.

«Алаяқтар көбіне жалған аккаунт ашып, басқа адамның атын жамылады. Олар алдайтын адам тұратын қалада болмайды. Олар ұшақ билеті немесе аурухана емі секілді нәрселерге ақы төлетуі мүмкін», - делінген мақалада.

Атап өтілгендей, Америкада онлайн-алаяқтар көбіне Facebook әлеуметтік желісін пайдаланады.

Планетаны жаһандық жылынудан құтқара аламыз ба? - Le Figaro

«Компаниялар, менеджерлер, сайлау кандидаттары. Барлығы табиғатты құтқару үшін ағаш отырғызуға шақырады. Бұл дұрыс шешім болғанымен, тиімді тәсіл емес», - деп жазады Le Figaro.

Өткен айда Давос экономикалық форумында АҚШ Президенті Дональд Трамп та қоршаған ортаны қорғау үшін триллион ағаш отырғызу идеясын қолдайтынын айтты.

«Мақсат мақтауға тұрарлық - парниктік газдардың бірі көмірқышқыл газын азайту. Бұл газ жаһандық жылынуға алып келетін парниктік газдардың бірі. Орман расымен де бұл газдың азаюына әсер етеді. 2018 жылы Климаттың өзгеруі бойынша сарапшылардың үкіметаралық комиссиясы да орман алқаптарын көбейту мәселесін көтерген еді. Америка аумағына ағаш отырғызу адамның өндірістік революция нәтижесінде тараған 300 млрд тонна көміртектің 205 млрд тоннасын жоя алады», - деп жазады басылым.

Дегенмен, мамандар басты проблема парниктік газ екенін айтады.

«Орманды көбейтіп, ағаш отырғызу арқылы жаһандық жылыну проблемаларын шеше алмаймыз. Сонымен қатар ағаш отырғызуға қажетті топырақ, қажетті ағаш таңдау мәселесін ескеру керек. Сонымен қатар дұрыс дайындық жасалмаған ағаш отырғызу жобалары сәтсіздікке ұшырайды», дейді мамандар.

Олардың айтуынша, 2019 жылы Түркияда Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен ұлттық ағаш отырғызу күні жарияланып, республикада 11 млн шырша егілді. Дегенмен, үш айдан кейін оның тоқсан пайызға жуығы су жетіспеушілігінен өліп қалған.

Әлем елдері қорғанысқа бөлінген қаржыны арттырып жатыр - ВВС

2019 жылы әлемде қорғанысқа кеткен жаһандық шығын 2018 жылмен садыстырғанда 4 пайызға артты, деп жазады ВВС. Басылымның мәліметінше, бұл соңғы он жылдағы ең үлкен өсімді құрайды.

Мұндай деректі Стратегиялық зерттеулердің халықаралық институты жариялады.

Еуропада қорғаныс шығыны 2018 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артқан. Бұл штаттар арасында бәсекелестіктің артуын көрсетеді.

АҚШ пен Қытайда қорғаныс шығыны 2019 жылы 6,6 пайызға өскен. Азияда соңғы он жылда бұл көрсеткіш елу пайызға артқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT