Планета және климаттың жаһандық даму индексі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар планета және климаттың жаһандық даму индексін жариялады. Онда мемлекеттердің экологиялық проблемаларды шешуге әсері мен қайта қалпына келтіретін энергияны пайдалану көсреткіші ескерілген, деп жазады ВВС басылымы.

«Жаһандану заманында барлық мемлекеттер жалпы жүйеге әсер етпей қоймайды. Бұл индекс мемлекеттердің жалпы адамзатқа әсерін көрсетеді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, алғаш рет жүргізілген рейтингте алғашқы ондыққа Еуропа мемлекеттері шыққан.

«Бірінші орында Норвегия тұр. Бұл мемлекет әлем бойынша электромобильдер енгізуден алда келеді. Үкімет 2030 жылға дейін түрлі бағдарламалар қабылдап, көптеген экологиялық бастамаларды қолға алған. Еуропа комиссиясы 2019 жылы Ослоны Еуропаның ең жасыл астанасы ретінде таныған болатын», деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, Новрегиядан кейін рейтингте Швейцария, Португалия, Словения, Кипр, Финляндия, Швеция, Германия, Хорватия мен Словакия тұр.

Соңғы жаңалықтар