PISA халықаралық зерттеуінің алғашқы нәтижелері жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы PISA халықаралық зерттеуінің алғашқы нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық-сараптамалық орталығы 2021 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесіп, Қазақстанда мектептерге арналған PISA халықаралық зерттеуін өткізді. Биыл осы зерттеудің алғашқы нәтижелерін анықтап отырмыз. Бұл зерттеудің баршаға таныс әдеттегі PISA-дан айырмашылығы - тест нәтижелері тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әр қатысқан мектеп, колледж бойынша есептеледі. Жалпы алғанда зерттеу 2011 жылдан бері өткізіледі және оған әлемнің 14 елі қатысуда. Қазақстан 2021 жылғы зерттеудің валидациялық кезеңінен сәтті өтті», - деді ол Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, зерттеуге елімізден 200 мектеп пен колледж қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша 64 жеке және 45 топтық есеп дайындалады. Сонымен қатар жалпы елдік нәтиже бойынша ортақ сараптамалық есеп әзірленеді.

«2018 жылмен салыстырғанда зерттеудің барлық үш бағыты бойынша оң динамика байқап отырмыз. Атап айтқанда оқу сауаттылығы бойынша нәтиже - 30, математика бойынша - 24 және жаратылыстану бойынша 11 баллға өскен. функционалдық сауаттылығы төмен білім алушылардың үлесі 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Яғни, оқу сауаттылығы бойынша екінші деңгейден төмен нәтиже көрсеткен білім алушылардың үлесі 18,8, математика бойынша 10,2 және жаратылыстану бойынша 2,2 пайызға төмендеп отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар