Пиротехниканы дұрыс қолданбаған: Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бизнес-орталық өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Сағат 00:31-де 101 қызметіне Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі «Grand Asia» бизнес-орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 1-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі - пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау» делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.




Соңғы жаңалықтар