Пиротехникамен ойнаған балалары үшін ата-аналар жауапқа тартылуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мереке күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен құтқарушылары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, лицензияланбаған пиротехникалық бұйымдарды анықтап, тәркілеп отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл күндері 150-ге жуық рейд өткізілген. 15 сатушының саудаға рұқсат беретін тиісті құжаттары болмаған. Олардың барлығы «Заңсыз сауда» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Қауіпті тауардың бір мыңға жуық бірлігі тәркіленді. Пиротехниканы ересектердің қарауынсыз қолданған балалардың ата-аналарына қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды», - деп қосып өтті баспасөз қызметінен.

Авторы Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар