Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ПИК-тер тағы бір жыл жұмыс істейді - Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

2022 жылғы 22 маусым 10:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады. Құжатқа енгізілген өзгірестерді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды.

Айта кету керек, аталмыш құжатта пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен кондоминуимдардың орнына мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) немесе жай серіктестіктерді (ЖС) енгізу процедурасын 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қалдыру жөнінде ұсыныс та бар.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыны Мәжіліс депутаттары бірауыздан қабылдады.

Сондай-ақ палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкіметке Мәжілісте қаралмаған кейбір нормаларды Сенатқа апарып, қайта алып келуді доғару керектігін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарған болатын. Оның алдында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева ПИК-тер қызметінің биылғы 1 шілдеден бастап тоқтауы мәселесін көтерген болатын.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары