ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Ашық есік күні» өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 10 маусым күні ҚР ПІБ Медорталығының ауруханасында «Ашық есік күні» өтеді. Осы күні клиниканың білікті дәрігерлері халыққа тегін консультациялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 10:00-13:00 аралығында оториноларинголог Әлия Дарбекова, хирург Антон Ли, травматолог-ортопед Мухитдин Джума-Ахунов, урология бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов, кардиохирург Ерлан Денеев, нейрохирург Әбубәкір Зұлпықаров, қантамыр хирургі Абылай Сейітқалиев, акушер-гинеколог Сәбира Рахымова, аритмолог дәрігер Шалқар Смағұлов, пульмонология бөлімінің меңгерушісі Наталья Утешева, ревматолог Эльмира Тұрдышева, терапия бөлімінің меңгерушісі, терапевт, нефролог Айжан Сәрсенбаева қабылдайды.

Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері келушілерді Мәңгілік ел даңғылы, 80-үй мекенжайында орналасқан ғимаратта (F блогы, 2-қабат) күтеді. Азаматтардың қолында жеке куәлігі, талдаулар нәтижелері, УДЗ/МРТ суреттері және аурухадан шығу кезінде берілген қағаз болуға тиіс.

Осы орайда, жыл басынан бері ПІБ Медорталығы еліміздің өңірлеріндегі күндерін өткізіп жүргенін айта кетейік. Осы іс-шара аясында 5 ай ішінде білікті дәрігерлерден және басқа да сала мамандардан жасақталған ауқымды делегация Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау облыстары мен Шымкент қаласына барып, халыққа тегін көмек көрсетті, өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты.


Соңғы жаңалықтар