Пхукет аралында заң бұзған шетелдіктерге сары және қызыл қағаздар беріледі

None
Фото: tourdom.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тайландтың Пхукет аралында заң бұзған шетелдіктерге сары және қызыл қағаздар берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл қағаздар футболдағы сары және қызыл қағаз жүйесімен жұмыс істемек. Яғни, бір рет заң бұзған шетелдікке әуелі сары қағаз беріледі. Сары қағаз алған шетелдік келесі жолы Тайландқа кіре алмайды. Ал екінші рет заң бұзған шетелдік елден дереу депортацияланады.

Бірақ әзірге аталған шаралар қандай заңдарды бұзған шетелдікке қолданылатыны нақты жазылмаған. Сондай-ақ сары қағаз бен қызыл қағаздың күші қанша мерзімге жететітіні де, қызыл қағаз алып, депортацияланған адамның қайтадан елге кіру мүмкіндігі туралы да нақтыланбаған.


Соңғы жаңалықтар