Пхенчхан Олимпиадасының 2-күні: Қай ел қанша медаль алды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының екінші күні 6 мемлекет түрлі құндылықтағы медальдарды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Ақ Олимпиаданың алғашқы медалін 7,5 шақырымдық спринтте Швеция спортшысы Шарлотта Калла жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Олимпиададағы бүгінгі күннің жалпы есебі бойынша, бірінші орында Германия спортшылары келеді. Олардың еншісінде 2 «алтын» бар. Екінші орында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдармен Нидерланды құрамасы тұр. Үшінші орынға әзірге бір «алтынмен» Оңтүстік Корея орналасып отыр. 

Қазақстан қоржынында әзірге медаль жоқ.

Еске салайық, бүгін спортшыларымыз шаңғы жарысы, шорт-трек, шана спорты және биатлоннан сынға түсті.

Соңғы жаңалықтар