Пхенчхан Олимпиадасында қандай елдер көш бастап келеді

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан жалпы есепте 20-шы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірге Қазақстан құрамасында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальдан басқа жүлде жоқ.

Осы уақыттағы көрсеткіш бойынша, жалпы есепте бірінші орынға Германия құрамасы орналасып отыр. Олар 9 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен  өзге қарсыластарынан оқ бойы озып тұр.

Сондай-ақ бүгін екінші орынға Норвегия елінің құрамасы көтерілді. Олардың еншісінде әзірге 6 алтын,  7 күміс және 4 қола медаль бар.

Ал үздік үшінші орынды Нидерланды елінің құрамасы түйіндеп тұр - 5 алтын,  5 күміс және 2 қола медаль.

АҚШ құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен - төртінші,  4 «алтын», 5 «күміс» және 4 «қоласы» бар Канада бесінші орынға орналасып отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар