Пхёнчхан Олимпиадасын тікелей эфирден үш телеарна көрсетеді - Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрлігі XXIII қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы аталмыш ведомство басшысы Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Біздің министрлік XXIII қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздерді аяқтады. Ел тұрғындары Олимпиада ойындарын ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында отандық арналардың тікелей эфирінен тамашалай алады. 

Дүниежүзі назар аударатын дүбірлі доданы «Хабар», «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары тікелей трансляциялау құқығына ие болды. Мәселен, «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары 150 тікелей трансляцияға шығуды жоспарлап отыр», - деп жазды министр Фейсбуктегі өз парақшасына.

Д.Абаевтың айтуынша, «Хабар» арнасы барлығы 100 рет тікелей эфирге шығады. Сонымен қатар, Олимпиада күнделігін көрермен назарына қазақ және орыс тілдерінде ұсыну жоспарланған. Демек, Пхёнчханға арнайы барған тілшілер тобы соңғы ақпараттармен күнделікті бөлісіп отыратын болады. 

«Оңтүстік Кореяның алаңдарында ел намысын қорғайтын жерлестерімізге тек қана жеңіс тілейміз! Алға, Қазақстан!», - деді министрлік басшысы. 

Соңғы жаңалықтар