Пхенчхан Олимпиадасы: Қазақстандық паралимпиадашылар сыйақыларын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Паралимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне сыйақыларын төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейінҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне бірреттік төлемдер осы апта ішінде толықтай берілетінін хабарлаған болатын. 

Спорт комитетінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде паралимпиадашылар сыйақыларын толығымен алған.

Атап айтқанда, Олимпиада чемпионы болған Александр Колядин (шаңғы жарысы,1,5 шақырым спринт) - 250 мың доллар, шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) алтыншы нәтиже көрсеткені үшін 5 мың доллар алды.

Ал шаңғы жарысынан (20 шақырым) төртінші орынға табан тіреген Александр Герлицке 30 мың доллар, сондай-ақ биатлоннан (12,5 шақырым) алтыншы орыннан көрінгені үшін қосымша 5 мың доллар төленді. А.Герлиц тағы 5 мың долларды шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) алтыншы болып келгені үшін алды.

5 мың доллар сыйақы сонымен қатар шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) алтыншы орынды иеленген Петренко Дениске берілді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, спортшылардың жаттықтырушылары да дәл осындай көлемде сыйақы алады.

Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 6 спортшы қорғады. 

 

 

Соңғы жаңалықтар