Pfizer вакцинасы жайлы жиі қойылатын сұрақтарға мамандар жауап берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Pfizer вакцинасы жайлы ата-аналар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға мамандар жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі жиі қойылатын сұрақтарды саралап, соларға мамандардың жауабын ұсынды.

Біріншіден «вакцина алғаннан кейін балада қандай асқынулар болуы мүмкін?» деген сауал жиі көтеріледі.

«Өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес екпе алған кей адамдарда Pfizer вакцинасын алғаннан кейін инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың және бұлшықеттің ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, қызба, инъекция орнының қызаруы, жүрек айну, құсу деген сияқты реакцилар кездеседі» делінген ведомствоның жауабында.

Екіншіден «вакцинада қоспа бар ма, консерванттары қандай?» деген сауал жиі көтеріледі.

«Комирнати» вакцинасына («Пфайзер» компаниясы) арналған нұсқаулыққа сәйкес 1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негізіндегі (липидті нанобөлшектерге инкапсуланған) COVID-19-ға қарсы 30 мкг бар.

Сонымен қатар вакцинаның құрамында бір дозаға кемінде 1 ммоль калий (39 мг) және натрий (23 мг) бар, яғни олардың үлесі шамалы ғана.

Вакцинада организмде бедеулік немесе мутациялық процестер сияқты ұзақмерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ.

Екпедегі кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрацияда болады

Баланы вакциналаудан қалай бас тартуға болады?

Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және Қазақстанның азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне егу жүргізуге ақпараттандырылған келісімді ұсынады.

Профилактикалық екпе жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша толтырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау 15 қарашада басталды.

Бүгінгі күні 7439 адам вакцинаның бірінші компонентті алды.

Оның ішінде 6075-і - 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 336 жүкті және бала емізетін 1028 әйел бар.


Соңғы жаңалықтар