Pfizer-дің бірінші компонентін 128 174 жасөспірім салғызды - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентін 128 174 жасөспірім, 31 747 жүкті және бала емізетін әйел алған. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда. Бірінші компонентті 8,8 миллионнан астам адам қабылдады. Бұл вакциналауға жататын ересек халықтың 77,5%-ын құрады. Екінші компонентті 8,2 миллионнан астам адам салдырды. Яғни, екпеге жататын ересек тұрғындардың 72,5%-ы қамтылды. Қазақстан халқының жалпы санымен алсақ, бірінші компонентпен қамту – 47,2%, екінші компонентпен қамту – 43,3% болды», - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентін бүгінгі таңда 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел алған. Ал екінші компонентті - 5 592 адам қабылдаған.


Соңғы жаңалықтар