Петропавлға жаңа автобустардың алғашқы легі келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлға жаңа автобустардың бесеуі жетті.Жалпы қала көшелеріне биыл осындай 100 қоғамдық көлік алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл көшелеріне жаңа автобустар шығады. Олардың үшеуі облыс орталығына кеше жеткізілсе, екеуі бүгін зауыттан жолға шығады.

«Петропавлға 100 автобус аламыз. Қаңтардың басында тестілеуден өткізу үшін жетеуі жеткізілді. Алайда олар толық жабдықталмаған болып шықты.

Автобустар қала көшелерінің ені мен жүктемесіне сай жасалған. Жүз автобустың 60-ы 8 метрлік, қалғаны 10 метрлік. Олар ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болады. Ауа баптағыш, электронды есептегіштер, бейнекамералар орнатылған. Іші жазда салқын, қыста жылы болады», - дейді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Yotong маркалі бұл көліктер дизель отынымен жүреді. Қазақстанда құрастырылған көліктер Петропавлға лек-легімен жыл соңына дейін жеткізілмек.

Өңір басшысының айтуынша, жаңа қоғамдық көліктердің келуімен жол жүру тарифі өзгермейді. Бұл мақсатқа бюджеттен субсидия қарастырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін петропавлдықтардың кей санаты қалаішілік автобустарда тегін жүретіні айтылған болатын.


Соңғы жаңалықтар