Петропавлға дауыл соқты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда күшті жел ағаштарды құлатып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлға дауылға пара-пар жел соқты. Найзағай ойнап, жел көтеріліп, қаланы аяқасты астаң-кестең етті. Желдің соңы жауынға ұласты. Тұрғындар күшті желден соң 1 сағаттан кейінгі көріністерді желіге жариялап жатты. Н.Назарбаев көшесінде ағаш маршрутты автобустың алдына құлаған. 2-ші қалалық аурухана көшесінде құлаған тал сол жерден өтіп бара жатқан көлікті басып қала жаздаған.

19-20 қыркүйек аралығында екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғатыны туралы ақпарат 101 құтқару қызметінен келген. Дегенмен күндіз күн ашық болып, күз үшін өте жылы ауа райы болды.




Соңғы жаңалықтар