Петропавлға алғашқы қар жауды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Петропавлға қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнде жауған қар таңертең қар еріп кетті. Алайда, Петропавлдың кейбір тұрғындары осы жылдың алғашқы қарын суретке түсіріп үлгеріп, әлеуметтік желіде жариялады. Сондай-ақ, қар аудандарда да жауды. Есіл ауданының тұрғыны таңертең суретке түсіріп алғанын жазды.

Қазір қалада ауа температурасы +3 градусты көрсетіп тұр. Таңертең боран соғып бастаған еді. Ол тек бірнеше минутқа созылды. 112 қызметі қар аралас жаңбыр жауатынын және ауа температурасының төмендейтінін өңір тұрғындарына алдын ала ескертті.

Синоптиктердің болжамы бойынша, таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде күндіз 5-10 градусқа дейін жылынады.

Соңғы жаңалықтар