Петропавлдың теміржол вокзалында лифті мен эскалатор пайда болады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың құрылыс алаңдарын аралап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қ. Ақсақалов облыс орталығындағы көшелердің құрылысы мен абаттандырылу қарқынын бағалаған.

Петропавлда биыл теміржол вокзалы қайта салына бастады. Ғимараттың алдын жөндеу жұмыстары аяқталған. Жаңадан лифтілер мен эскалаторлар орнату жоспарда бар. Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі 10 қазанда аяқталады. Вокзалдың жөндеу жұмыстарын 2019 жылға қарай толық аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, қалаға кіретін жолдар жөнделуде. Пестрое көлі жағынан өтетін жол қайтадан салынып жатыр. Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, жаңа жол төсемі 15-20 қыркүйекке қарай дайын болады.

«Кіреберісті абаттандыруға аса қатты көңіл бөлу керек. Көпір жақсы, барлық заманауи талаптарға жауап береді. Жаяу жүргіншілер аумағы тұрғындар үшін ыңғайлы болуы керек. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын өткізіп, суретке түсетін алаң болады», - деді қала басшысы.


Мәмлүт тас жолы жағынан келетін кіреберіс өзгереді. Қазіргі таңда Петропавл-Қорған тас жолы қайта салынып жатыр Жолдың 60 шақырымын жөндейді. 4,5 шақырым көшелердің жарығын, қозғалысқа арналған 8 жолақтағы белгілерді жөндеу жоспарланған.


Петропавлдың өзінде көшелер жөнделіп жатыр. Интернациональная көшесі бойымен гранитті жиектастар, гүлзарлар, жаңа 7 аялдама павильондары орнатылады. Жаңа жарықтандыруды заманауи технологияның көмегімен монтаждау жұмысы 70 % орындалды. Өңір басшысы барлық жұмыстар кестеден тыс қалмай, орындалуы керек екенін ерекше айтып кетті.


Абай көшесі, 84 үйдің ауласында футбол алаңы салынды. Тұрғындардың айтуынша, балалар бұл жерде таңның атысынан кештің батысына дейін ойнаудан шаршамайтын болған. Құмар Ақсақалов жас футболшыларға доп сыйлады. Ол ауланың аумағын абаттандыру мәселесі жергілікті атқарушы билік өкілдерінің ұдайы бақылауында жүретінін айтты.

«Петропавлда 36 футбол алаңы бар. Біз оларды жыл сайын алып, орнатамыз. Биыл тағы да 10 шақты алаң пайда болады. Қазіргі таңда 100 аула жөндеуден өтіп үлгерді. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтаймыз», - деп уәде берді облыс әкімі. 

Соңғы жаңалықтар