Петропавлдың электронды картасы жасалуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыс орталығының инженерлiк желiлерi бойынша бар ақпаратты жинастыратын электронды картасы жасалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахметтiң айтуынша, электронды картаны жасау үшiн «Госградкадастр» ұйымымен келiсiм жасалды. 3 480 га аумақтағы инженерлiк желiлер бойынша ақпарат бiр жүйеге жинақталады. Бұл картаға сәулет және жер қатынастары бойынша мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыру жүйесiн үйлестiруге болады. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аталмыш жүйе кәсiпкерлерге көп жеңiлдiк әкеледi дейдi.

«Бұл кәсiпкерлерге үлкен көмек. Олар нысандар және жер үлестерi туралы бар ақпаратты ала алады. Қазiр бизнесмендер барлық процедураларды өтуге көп уақыт жұмсайды. Инженерлiк желiлер мен қызыл сызықтарды анықтауға бiраз уақыт кетiп қалады. Картаны құрсақ, пайдалы болады. Бұл жүйе азаматтарға техникалық шарттарды автоматты түрде алуға да көмегiн тигiзбек», - дейдi өңiр басшысы.

Жоспар бойынша жаңа геоақпараттық жүйе 2019 жылы iске қосылады.

 

 

Соңғы жаңалықтар