Петропавлдың ботаникалық бағындағы бірқазанға көмек қажет

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың ботаникалық бағындағы бірқазан мереке күндері қорексіз қалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұйра бірқазан ботаникалық бақта былтыр күзден бері бағылып жатыр. Қызыл Кітапқа енгізілген құс күзде жылы жаққа қайтар кезде тобынан қалып қойып, адамдарды паналаған. Басында оны Есіл ауданының тұрғынының қолдында болды, алайда тамақты көп жейтін құсқа азық тауып бере алмай ол оны ботаникалық баққа тапсырды.

Жас бірқазанның тәбеті жақсы, өсіп келе жатқан құс күніне үш келі балықты жейді. Ол мөңке мен салпыауыз балықты жақсы көреді. Ботаникалық баққа азық-түлікті еріктілер тауып, жеткізіп береді. 
Бірқазанды «Қайырымды планета» қайырымдылық қоры өз қамқорлығына алған. Құсқа балық тауып беретін қордың еріктілері өңірде сирек кездесетін бірқазанға қолдау көрсетуді сұрайды. Өйткені мерекелік демалыс күндері құс қорексіз қалуы мүмкін.
Петропавлдың ботаникалық бағы қамқорлығына құс пен хайуанаттарды қабылдайды. Алайда бақтағы жануарларды тұрақты қоректендіру үшін қажетті азыққа мұқтаж.

Автор: Олеся Жуковень

Фото: lookw.ru

Соңғы жаңалықтар