Петропавлдың базарындағы алапат өрт сөндірілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «Қызылжар» коммуналдық базарында болған өрт сөндірілді. Оның жалыны 600 шаршы метр ауданды шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге жалпы 70 адам және 21 техника жұмылдырылған. 

Өрт сөндірушілер жеткенше ғимараттан 90 адам эвакуацияланған. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Оқыс оқиға туралы хабар өрт сөндіру бөлімшесіне бүгін таңғы 10:00-дер шамасында келіп түскен.

Өрт коммуналдық базар ғимаратының сауда дүңгіршіктері орналасқан екінші қабатында тұтанған.

«Өрт туралы хабар мейлінше кеш берілген деуге негіз бар. Өйткені қызметкерлер жеткенше ғимараттың біршама бөлігін жалын шарпып үлгерген. Қауіптің өте жоғары - үшінші деңгейі жарияланды. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов басшылық етті», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар