Петропавлдың атауын өзгерту күн тәртібінде тұрған мәселе емес – әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Птеропавл қаласының атауын өзгерту мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде әкім Құмар Ақсақаловқа БАҚ өкілдері облыс орталығының атауын Қызылжар деп өзгерту мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Әзірше бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін де мұндай сұрақтарға жауап берген болатынмын»,- деген өңір басшысы өңірдегі елді мекендер мен көшелерді қайта атау туралы пайымын айтты.

«Бұл жұмыстар бұған дейін атқарылып келді, жалғаса береді. Кейінгі жылдары біз 400 мың нысанды қайта атадық. Бұл жұмыс жалғасады, өйткені моральдік тұрғыда ескірген, ешқандай идеологиялық салмағы жоқ ескі атаулар бар», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол бұл бағыттағы жұмыстар толығымен заңға сай екенін еске салды.

«Бұл жерде ешқандай кілтипан жоқ. Бұл – тарихшылардың, өлкетанушылардың зерттеулеріне негізделген тарихи шындық. Қоғамдық тыңдау өтіп, бәрі заң аясында істеліп жатыр», - деді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар