Петропавлдың 98 кәсіпорны мен ұйымына 1200-ден астам жұмысшы қажет

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бос орындар жәрмеңкесі өтіп, облыс орталығының 20 кәсіпорны 441 жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Петропавлда биылғы жылғы тоғызыншы бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Қаланың 20 кәсіпорны мен ұйымы жұмыс іздеушілердің назарына 441 бос орынды ұсынды. Соның ішінде өндіріс және өнеркәсіп саласына - 301, құрылыс саласына - 73, білім саласына - 11 және қызмет көрсету саласына - 56 адам қажет.

«Бос орындар жәрмеңкесіне жұмыссыз жүрген 547 адам телефон және sms арқылы шақыртылды. Олардың ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған, мүмкіндігі шектеулі адамдар және атаулы көмек алушылар бар. Облыс орталығының 98 кәсіпорны мен ұйымына 1200-ден астам маман қажет. Бос орындар жайында ақпарат enbek.kz сайтында да бар. Жұмыс іздегендер осы жерде алдын ала әңгімелесуден өте алады», - дейді Петропавл қалалық

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Юлия Біржан.

Қазіргі таңда Петропавл бойынша жұмыссыз ретінде 1600-дей адам тіркелген.

Мамандардың айтуынша, енді бос орындар жәрмеңкелері дәстүрлі түрде ғана емес, жұмыс берушілердің қатысуымен әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы өтеді. Мәселен алғашқы болып жаңашылдықты қолданғандардың бірі – «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС. Кәсіпорын маусым айында жұмысын бастайды. Қазір оларға 29 маман қажет.

Жалпы бос орындар жәрмеңкесі арқылы жыл басынан Петропавлда 150 адам тұрақты жұмыс тапқан.


Соңғы жаңалықтар