Петропавлдықтар бүгін қоғамдық көлікпен тегін жүреді

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бүгін сайлауға байланысты қалаішілік автобустарда жүру тегін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Петропавлда бүгін тұрғындар сайлау учаскесіне тегін жете алады. Қоғамдық көліктер кешке дейін жолақы алмайды.

Жалпы, бұл күні көптеген сайлау учаскесінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттер болады.

Ал кей елді мекендерде жәрмеңкелер де ұйымдастырылмақ.

МәселенАққайың ауданы Полтавка елді мекенінде сайлау учаскесінің жанында концерттен бөлек, дауыс беруге келушілер ыстық бауырсақтан дәм тата алады. Мерекелік сауда саттық және жергілікті қолөнершілердің көрмесі де ұйымдастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 631 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Дауыс беруге 384 мыңнан астам адам құқылы.

Өңір бойынша 556 кандидат тіркелген. Олардың 325-і ер адам болса, қалған 231-і әйел.

СҚО мәслихатына бірмандаттық округтерден 53 кандидат тіркелген. Петропавл қалалық мәслихатына 18 округ бойынша 53 үміткер бар.

Аудандық мәслихаттарға 145 округ бойынша 455 кандидат тіркелді.

Ал СҚО бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлануға 10 үміткер бар.


Соңғы жаңалықтар