Петропавлдық полицейлер бірнеше велосипед ұрлығын ашты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері бірер күнде 3 велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн жылынысымен Петропавлда велосипед ұрлығы көбейіп, тәртіп сақшыларының жұмысы артты. Әсіресе мамыр айында көліктерінің ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданушылар көп келіпті.

Мамандардың айтуынша, қылмыскерлер бір «сценариймен» жұмыс істеген. Яғни ұры үй домофонына қоңырау шалып, түрлі себептер айтып есікті ашуды өтінген. Кейін кіреберісте тұрған велосипедті еш қиындықсыз әкетіп отырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. 1988 жылы туған қала тұрғыны бұрын ұрлық, тонау және қорқытып тартып алу үшін бірнеше рет істі болған екен. Айтуынша, аулаларында, кіреберістерінде бейнекамералары жоқ үйлерді таңдап, домофонға қоңырау шалу арқылы ішке кіріп отырған. Кейін велосипед болса оның құлпын бұзып әкетіп, ғаламтор арқылы сатқан.null

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды.

«Мамыр айында велосипедтері ұрланған 8 адам арызданды. Оның жетеуі жедел іздестіру іс-шаралары аясында ашылып, көліктер иелеріне қайтарылды. Бұл ұрлықтардың барлығы велосипедтердің кіреберісте қараусыз қалдыруынан болған. Жалпы ұрлықтың бұл түріне 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі»,- дейді Петропавл қалалық ПБ аға жедел уәкілі.

Жыл басынан Петропавл полицейлері ұрланған18 велосипед тауып, иелеріне қайтарды.

Соңғы жаңалықтар