+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Петропавлдық отбасы Орталық саябақтағы ескерткішті өз күшімен сырлап шықты

2021 жылғы 13 маусым 23:36
Бөлісіңіз:
Петропавлдық отбасы Орталық саябақтағы ескерткішті өз күшімен сырлап шықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдық отбасы қаланың көркі, көпшіліктің сүйікті ескерткіші – «Аю мен қонжық» композициясын өз күштерімен ретке келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаяу Мұсаның дүниеге келгеніне 186 жыл толды Самал Еслямова түскен «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі Францияның 21 қаласында прокатқа шықты Олимпиадалық команда спортшыларын қолдауға арналған бейнебаянның тұсаукесері өтті

Бүгін Грибановтар отбасы Орталық саябаққа барып, аю мен қонжықтың ескерткішін сырлады. Сиқы кеткен нысанды жөндеуге оларға ұл-қызы көмектесті.



Айтуларынша, іске кіріспес бұрын әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесі алдын ала ескертілген.

«Менің ата-әжем шамамен ғасыр бұрын Петропавлға көшіп келген екен. Аю мен қонжық ескерткіші фотоальбомдағы ескі суреттердің көбінде бар. Біз де отбасымызбен оның жанына барып талай фотоға түстік. Кезінде қаладан көшіп кеткендер де бұл ескерткішті арнайы іздеп барады. Бірақ оның соңғы кезде сыры кетіп тұр еді. Әкімдіктің бұл ескерткішсіз де жұмыстары көп. Сондықтан бүгін реті келіп, отбасымызбен барып жөнге келтірдік», - деді Алексей Грибанов ҚазАқпарат тілшісіне.



Алексей Грибанов Петропавлдағы «СевКазЭнерго» АҚ жұмыс істейді, мамандығы – құрылысшы-инженер. Зайыбы Юлия Анатольевна – суретші.

Көпшіліктің сүйікті ескерткіші Петропавлда өткен ғасырдың 60 жылдары тұрғызылды. Дөңнің үстінде тұрған аю мен қонжық алыстан менмұндалап, бүгінде Орталық саябақтың нышанына айналған.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT