Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Петропавлдық өрт сөндірушілер 7 жасар қызды құтқарды

2019 жылғы 14 ақпан 15:20 422
Бөлісіңіз:
Петропавлдық өрт сөндірушілер 7 жасар қызды құтқарды

  ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  - Петропавл қаласында өрт сөндірушілер 7 жасар қызды иіс тиюден сақтап, аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Нұрлы жол» вокзалының қызметкерлері жүкті әйелдің өмірін аман алып қалды

Өрт бүгін таңғы сегіздер шамасында Брусиловский көшесіндегі 61-үйдің 3-ші қабатынан шыққан. Өртенген пәтерде 60 жастағы әйел тұрады екен. Абыржып, сасқалақтаған әйелді оқиға орнына жеткен құтқарушылар далаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.

СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлевтың айтуынша, көпқабатты үйден барлығы 24 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Оларға медициналық көмек керек болған жоқ. Ал, өрт шыққан пәтердің үстіндегі төртінші қабатта бала қалғанын сол үйдің тұрғындары айтыпты.

«Пәтердің есігін ұрғылағанмен, ешкім ашпады. Бұзып кірмек болып едік, темір есік бой бермеді. Сол себепті автосатымен терезеден кірдім. Көк түтіннің ішінен 7 жасар қызды алып шығып, әріптесім Аманжол Қоспановқа бердім», - дейді 3-өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Андрей Щербак.

Петропавлдық өрт сөндірушілер 7 жасар қызды құтқарды

Зардап шеккен әйелмен және қызбен Төтенше жағдай департаментінің психологы жұмыс істеді. Мамандардың айтуынша, қазір жағдайлары жақсы.

Ал, өрт пәтердегі тоңазытқыштан шыққан. Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар оның таралуына жол бермей, сөндіріп алды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT