Петропавлдық дәрігерлер тұрғынның тыныс жолына тұрып қалған тісті алып шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда дәрігерлер тұрғынның өңешінен өтіп кеңірдегіне тұрып қалған тісті алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының Фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

Мамандардың айтуынша, оқыс оқиға 25 сәуірде болған. Сырқат тісін байқаусызда жұтып қойыпты. Бөтен зат кеңірдектің оң тарамына кетіп, демалуына қиындық тудырған.

Облыстық аурухана және туберкулезге қарсы диспансердің дәрігерлері бірден сырқатты операцияға әзірледі. Алайда, ота жасаудың қажеті болмады. Эндоскопиялық әдіспен тұрып қалған тіс алынды. Қазір, мамандардың айтуынша, сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық.

null

Соңғы жаңалықтар